Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    Қос қаладағы кәсіпкерліктің жағдайы

    Елорадада арнайы жүргізілген жұмыстарға қарамастан, кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру жағдайлары жиі орын алуда. Өз кезегінде жергілікті жердегі прокуратура органдары елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал Алматыда шағын және орта кәсіпкерлік нысандар жарты жылда 863 млрд. теңгенің тауары мен қызметін өндірген.

    Астанадағы кәсіпкерлердің құқықтары бұзылып жатқанын шағын және орта бизнесті қолдау  мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысында Астана қаласына Есіл аудандық прокурорының міндетін атқарушы Серік Әлиев мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, аудан прокурорлары жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған заңдардың орындалуын қадағалау мақсатында 5 тексеру жүргізген. Оның барысында 8 заң бұзушылық анықталып, 19 лауазым иесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ 4 адам әкімшілік, 3 адам сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бергендері үшін жауапқа тартылған. «Мемлекет иелігіне 450 мың теңге қайтарылып, кәсіпкерлермен 48 рет түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді прокуратура өкілі.

    Алматы қалалық әкімдігінің 1-ші жартыжылдықтағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылау жиынында шаһардағы  шағын және орта кәсіпкерлік нысандар жарты жылда 863 млрд. теңгенің өнімін өндіргені мәлім болды. «Қалада шағын және орта бизнестің дамуы тұрақты. Шаһарда 74,6 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. Олар алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар өндіру мен қызмет көрсетуді 3 пайызға ұлғайтты», – дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдулов. Оның айтуынша, әлеуметтік саладағы көрсеткіштер қатарында орташа айлық жалақының 7 пайызға өсіп, 119643  теңгені құрауын ерекше атап өтуге болады. Ал жан басына шаққандағы кіріс 12,6 пайызға артып, 85 942 теңгеге дейін ұлғайған. Тіркелген жұмыссыздық  деңгейі 3-тен 0,5 пайызға дейінгі тармаққа кеміп отыр.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений