Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    «НҰР ОТАННЫҢ» не ойлағаны бар

    Жақында «Нұр Отан» партиясы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі кең ауқымды жұмысын бастап, ел аралып кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарлама әзірлеуге кірісіп кетті. Соңғы жылдары билік тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар қабылданғаны белгілі. Енді сол құжаттар «Нұр Отанның» жаңа жобасымен толыға түспекші. Нұротандықтар жаңа әдістер мен тәсілдерді айқындау мақсатында кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, жүйе құраушы кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктің өзара әріптестігіне жағдай жасау мәселесіне басты назар аударатындықтарын айтып жатыр. Жергілікті мазмұнды 100 млрд. теңгеге көбейтсе, соның нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында қосымша 50 мың жаңа жұмыс орнын құруға болады екен.

    Билік партиясы Павлодар қаласында жүйе құраушы кәсіпорындардың қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізгені белгілі. Жұмыс тобы мүшелерінің ойынша, жаңа бизнес-бастамалар өзін көп күттірмейді. Жүйе құраушы кәсіпорындардың қолдауымен кәсіпкерлер тауар мен қызметтерді жасап шығаруға тапсырыстардың көп бөлігін өзі қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның президенті Алмаз Ибрагимов: «Меніңше, «Нұр Отан» аса қажетті бағдарлама әзірлеп жатыр. Ірі кәсіпорындар жергілікті кәсіпкерлерге көмектесуіне мүм-кіндігі бар. Біз оларға тауарлар мен қызметтердің үлкен көлемін тапсыра аламыз. Бизнесмендерге көмектессек, біз өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан барлық аймаққа да пайдамыз тиеді», – деді. Билік партиясының бұл бастамасын басқа облыстар да іліп әкетіп қызу қолдап жатыр. Ойламаған жерден «Нұр Отан» партиясының шағын және орта бизнес өкілдеріне бүйрегенің бұра қалуы қоғам үшін тосын жайт болып тұр. Ия, қоғамда кәсіпкерлікке қатысты мәселелер өте көп. Бұл кеше бүгін пайда болған нәрсе емес. Сонда «Нұр Отан» баяғыдан бері қайда қалды деген заңды сұрақ туады. Әлде бұл қоңыр күзде Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы өтеді деген әңгіменің шындыққа айналуының алғашқы белгісі ма? Мұндайда еліміздегі партиялар ұйқыдан оянып, түрлі бағдарламалар дайындап, халықтың көңілін өздеріне аудара бастайтыны ақиқат. Қалай болғанда да мұндай игілікті шаралардың саяси науқанға айналып кетпегенін қалаймыз. «Нұр Отанның» бағдарламаларын газетіміздің алдағы сандарында талқылай жатармыз. Ендігі кезекте кәсіпкерліктің қиыншылығы мен қызығын бастан өткерген шағын және орта бизнес саласында жүрген мамандарға сөз берсек орынды болар еді.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений