Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    Дау өріс алып келеді

    Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығына қарасты «НГ» басылымы әр санында кәсіпкерлердің мұң-мұқтажына құлақ түріп, оны жоғары жаққа жеткізуге айрықша мән беріп жүргенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Газетіміздің 2011 жылғы шілдедегі санында (№7 (100) алматылық кәсіпкер Бақытқали Дәрменовтың «Бонстан басталған дау» деген мақаласын басқан болатынбыз. Жақында Б. Дәрмеов редакциямызға келіп даудың жаңаша сипат алғанын айтып берді. Сонымен...

    2006 жылдан бері «Байтеңізов» жеке кәсіп-керлігінің сүт өнімдерін таратып келген Б. Дәрменовтың өзіне тиісті бонусты сұраймын деп басы бәлеге қалғаны белгілі. Мәселенің мәнісі түсінікті болуы үшін істі қысқаша баяндай кетсек, Света Байтеңізованың атқарушы директоры болып жұмыс істейтін Олег Илинь 2009 жылдың 28 шілдесінен бастап еліміздегі ірі сүт өнімдерін өндіруші «ФудМастерТрейд» компаниясы ірі көлемде сауда жасап жүрген әріптестеріне ай сайын 100 мың теңге көлеменде сыйақы-бонус тағайындағанын, сол сыйақыны Б. Дәрменовтың алатын мүмкіндігі бар екенін айтқан. Байдың асын байқұс қызғаныпты дегендей бонус жайында бірінші болып сөз қозғаған О. Илинь бұдан кейін сыйақыны Б. Дәрменовке беруден бас тартқан. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Б. Дәрменов бонус жайында сұрағанда оған О. Илинь сыйақының оған берілмейтіндігін, бұл жайында әңгіме тағы да қозғалатын болса, «Байтеңізова» жеке кәсіпкерлігіне қарызы бар деп іс қозғатып, сотқа тартып барынан айыратындығын алға тартып, қоқан-лоқы көрсеткені белгілі. Мұндай оспадарлыққа шыдамаған Б. Дәрменов бұлай болуының мүмкін еместігін  айтқан. Міне, содан бері екі жақтың арасындағы дау өрістеп келеді. О. Илинь айтқанындай жеке кәсіпкер Б. Дәрмеовке жазықсыз жала жауып, оны сотқа берген. Өз кезегінде Әуезов аудандық №2 соты істің байыбына бармастан істі аудандық азаматтық сотта қараған. Олар Б. Дәрменовтың іс экономикалық сотта қаралсын деген талабына пысқырып та қарамаған. Дегенмен сот орындары Б. Дәрменовтың «Бәйтеңізова» жеке кәсіпкерлігі алдында 986 762 теңге қарызы бар екенін анықтай алмағанын айтуға тиіспіз. Бұдан кейін де бірнеше рет сот отырыстары жалғасып, жеке кәсіпкер Б. Дәрменовтың көптеген кедергі келтірген. Сотта С. Байтеңізова сот орындарына беймәлім құжатты ұсынып, Б. Дәрменов қол қоймаған құжаттарды көрсеткен. Ал Әуезов аудандық №2 сотының істі бұлайша ас ішектей созып келе жатқаны түсініксіз.

    Енді С. Байтеңізова сот орынындары қарызды өтесін деп талап қойған кезде кәсіпкер Б. Дәрменов өзінің иелегіндегі автокөлікті Мөлдір Аралбаеваға сатып жіберіп, сот орындарының талабына мойын ұсынбады деп Әуезов ауданындағы № 2 сотқа қайта шағым түсіріп, бұл іске тағы да май құя түскендей... Осыдан кейін Б. Дәрменов Tayota Previa маркалы көлігін заңсыз сатқан болып отыр. Редакциямызға келген кәсіпкер көлігін сот отырысы басталмай тұрып, одан бұрын сатқанын алға тартты. Бірақ сот орындары кәсіпкердің уәжіне құлақ асып отырған жоқ. Тіпті, олар Б. Дәрменов пен М. Аралбаеваның арасындағы бұл сауда-саттықты заңсыз деп тану жайында шешім қабылдағанын қалай түсінуге болады. Осылайша сот орындарынан әділет таппаған жеке кәсіпкердің ендігі үміті жоғары жақта. Шағын және орта бизнес өкілдерінің бұлайша сот орындарынан жапа шегуі жалғыз осы іспен шектеліп қалмайтыны белгілі. Бүгінде сот, атқаршы билік орындарының бизнеске тырнақ батыруы үлкен дертке айналып отырғаны жанымызға қатты батады. Осы ретте бұл іске ҚР Жоғары сотының төрағасы Бектас Бекназаров пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың араласып, істің әделетті шешімін табатына сенеміз.  

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений