Clock for website скачать часы для сайта
Поиск
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Благотворительный фонд НАП: РНН 60300534621 р/сч:955467798 АФ АО Банк туран Алем МФО 190501306
Календарь публикаций
  • 2012 (157)
  • 2011 (128)
  • 2010 (39)
  • 2009 (84)
  • Главная - Новости

    Ақтөбеде бизнестің жолы болмай тұр

    Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өнімділік», «Экспорт – 2020» бағдарламаларын қолдауға тиіс екінші деңгейлі банктердің көрсеткіші әртүрлі. Кейбір қаржы ұйымдары кәсіпкерлердің сұранысын алты айдан бері «қарап жатса», екіншісіне ешкім бас сұғып, көмек сұрамаған. Ақтөбе облысының жаңадан тағайындалған әкімі Архимед Мұхамбетов банк өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиында осы жайтты сынға алып, олардың жұмыстарына «өте нашар» деген баға берді.

    Экономикалық даму сатысы жыл санап өсіп келе жатқан аймақта «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы төрт бағыт бойынша іске асырылуда. Олар – жаңа бизнес-бастамаларын қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлік әлеуетті күшейту. Облысқа 2010-2011 жылдары республикалық бюджеттен 2088,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде үш бағыт бойынша 66 жобаның несиесін субсидиялауға келісім бар. Көбі агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп, көлік және қойма саласының еншісінде екенін айтуға тиіспіз. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова:

    – Бағдарлама аясында барлығы 200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Оларда 4,4 мың адам жұмыс жасайды. Дәл осы кәсіпорындарда тағы да 2,7 мың жұмыс орны ашылмақшы, – деп ойын қысқа қайырды. Оның айтуынша, бағдарлама аясында облыс бюджетіне салықтан 1 млрд. теңге қаржы түседі. Жиында отандық өнім мен шағын және орта бизнесті дамыту жайы айтылды. Ірі кәсіпорындардың жан-жағына шағын кәсіпті шоғырландыру қажеттігі де сөз болғаны белгілі. Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов банк филиалдары басшыларының несиені субсидиялау жұмыстарын сынға алған шақта, олар: «кейбір кәсіпкерлер бизнес жоспарын құра алмайды» деп ақталудан әріге асқан жоқ. Ақтөбеде «Халық банк» пен «БТА Банк» кәсіпкерлерден келіп түскен 203 сұранысты әлі қарастырып жатса, кейбірінің бұл істі мүлдем қолға алмағаны мәлім болды. Субсидиялауда құлықсыздық танытып отырған банктердің кәсіпкермен дұрыс жұмыс жасамайтыны, алдына келген адамға жете түсіндірмейтіні айтылды. Ендігі жолы ақпараттандыру, ашық есік күнін өткізу шараларын жиілетін, несие пайызын азайту, субсидиялау келісімшарттарын ыждағаттылықпен жүргізу сияқты жұмыстарды кең көлемде ұйымдастыр деген қорытынды жасалды.

     
    Besucherzahler Russian women looking for a foreign man for love
    счетчик посещений